Шілдеде кей өңірлерде құрғақшылық болатыны рас па

Фото: pixabay.com
Елміздің кей аймақтарын құрғақшылық жайлауы мүмкін бе? Қазгидромет шілде айына арналған болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Nofake.kz.
Ведомство мәліметінше, шілде айында ауа температурасы жоғарылаған сайын құрғақ құбылыстарға бейім аудандардың ұлғаю ықтималдығы сақталады. Ал жауын-шашын көбінесе жергілікті және қысқа мерзімді болады.
Алдын ала болжамға сәйкес 2026 жылдың шілде айында төмендегі өңірлерде бірқалыпты құрғақшылық жағдайлары күтіледі:
Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Успенка, Шарбақты және Май аудандарында;
Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Куршим, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында және Шемонаиха мен Өскемен қаласы маңайларында;
Абай облысының Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы және Жаңасемей аудандарында;
Алматы облысының Балхаш және Жамбыл аудандарында;
Жетісу облысының Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;
Жамбыл облысының Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;
Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;
Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
Ал, Бірқалыпты ылғалдылық төмендегі аймақтарда күтіледі:
Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында;
Ақтөбе облысының Мартук, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында.
«Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін норма шамасында болады деп күтілуде», — делінген хабарламада.
Қазгидромет сондай-ақ, алдын ала болжам қажет болған жағдайда, ол нақтыланатынын ескертті.


