NoFake

Бюджетті тиісті деңгейде атқармаған: Аудиторлар қанша шенеуніктің ісін Бас Прокуратураға жолдады

Фото: primeminister.kz

ҚР Жоғары аудиторлар палатасының төрағасы Әлихан Смайылов былтыр қанша шенеуніктің ісі құқық қорғау органдарына жолданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Бұл туралы ол бүгін Сенат кулуарында мәлім етті.

«Тиімсіз жұмсалған қаржылық заң бұзушылық факторлар бойынша біз шешімдерді қабылдаймыз. Мысалы, егер ол әкімшілік жауапкершілікке тартылу керек болса, онда ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тәртіптік жауапкершілік болса, тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Егер анықталған фактілерді құқық қорғау органдарына жіберу керек болса, оларға да жібереміз. Мысалы, былтыр Бас Прокуратура арқылы осындай 44 материалды құқық қорғау органдарына жібердік. Олар өз бағасын беріп, іс қозғау керек болса, іс қозғайды», — деді ол.

Сонымен бірге Жоғары аудиторлар палатасының Төрағасы қанша шенеуніктің жауапкершілікке тартылғанан мәлімдеді.

«Былтырғы жылдың бюджеттің атқарылуы бойынша біз 200-ге жуық адамды тәртіптік жазаға тарттық. 300-ге жуық адамды әкімшілік жауапкершілікке тарттық. 44 материалды құқық қорғау органдарына жібердік. Одан ары құқық қорғау органдарының жұмысына біз араласпаймыз», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевтың «Alatau city» жобасына қаражатты қайдан алатынын хабарлаған едік.

Оқу үшін