NoFake

«Әділет» партиясы мұғалімдерді мәжбүрлеп қатарына қосып жатыр — фейк

Фото: astanatv.kz

Мұғалімдердің «Әділет» партиясына міндетті түрде мүше болуы керек екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Әлеуметтік желілерде мұғалімдер «Әділет» партиясына міндетті түрде кіруі тиіс, ал бас тартқан жағдайда жұмыстан шығарылады деген ақпарат пайда болды.

Партияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, саяси ұйымға мүше болу ерікті түрде жүзеге асатынын мәлімдеді.

«Әділет» партиясы бұл ұйымның оның құндылықтарын бөлісетін және елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласатын азаматтардың басын қосатынын атап өтті.

«Партияға кіруге мәжбүрлеудің кез келген фактісіне жол берілмейді», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, партия мұндай жағдайлар орын алса, растайтын материалдарды info@adilet-partiyasy.kz ресми электрондық поштасына жолдау арқылы хабарлауға шақырды.

Бұған дейін «Әділет» партиясы әлеуметтік желілерде оның атауы мен нышандарын (символикасын) қолданатын жалған (фейк) аккаунттардың таралып жатқанын мәлімдеген болатын. Ұйым өкілдері мұндай парақшалардың партияға ешқандай қатысы жоқтығын және қолданушыларды адастыруы мүмкін екенін ескертті.

Оқу үшін