NoFake

АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматы: СІМ мәлімдеме жасады

Фото: gov.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та із-түссіз жоғалып кеткен Қазақстан азаматы туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды NoFake.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Бұл туралы брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібай мәлімдеді.

Естеріңізде болса, бұған дейін бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде АҚШ-тың Иллинойс штатында тұрған 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. СІМ өкілінің айтуынша, мәйіттің табылғаны туралы мәлімет министрлікке брифинг басталар алдында ғана келіп түскен.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізіп жатыр», – деді ол.

Ол сондай-ақ елшілердің АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста екенін атап өтті. Қазіргі таңда оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. СІМ қосымша ақпарат америкалық тараптан ресми мәліметтер келіп түскен сайын берілетінін мәлімдеді.

Оқу үшін