NoFake

Құқық қорғау органдары жұртты жаппай аңдып отыр ма

Коллаж: NoFake.kz

Әлеуметтік желіде «Лифт, домофон, әуежай, автовокзал, емхана, тіпті көшеде жүрсек те фото, видеоға түсіріп, ақпарат жинайды» деген пікір жиі кездеседі. Бас прокуратура қоғамдық орындардағы бақылау камералар арқылы белгілі бір адамдарды жеке фотоға түсіретіні – рас. Бұл жердегі мақсат не? Шынымен де халықты жаппай аңду ма?

Бас прокуратура, Әділет министрлігі және Ішкі істер министрлігі бірлесіп «Цифрлық бақылау» жобасын іске қосты. Оның негізгі міндеті — қарапайым халықты аңду емес, заңнан, соттан қашып жүргендерді және борышкерлерді, әсіресе алимент төлемейтіндерді автоматты түрде анықтау.

Бас прокуратураның орталық жүйесі жасанды интеллект көмегімен іздеудегі тұлғалардың тізімін көшедегі, лифт пен домофондағы камералардан алынған деректермен салыстырады. Камера борышкердің бет-әлпетін таныған сәтте, оның қай жерде жүргені туралы мәлімет жеке сот орындаушыларына жолданады.

Көшедегі немесе кіреберістегі камералар заңға бағынатын қарапайым азаматтар үшін ешқандай қауіп төндірмейді. Жүйе тек заңнан қашқандарды тауып, әлеуметтік әділдікті орнату үшін қызмет етеді. Егер қарызыңыз бен заң алдында кінәңіз болмаса — камерадан қорқудың ешқандай негізі жоқ.

Оқу үшін