NoFake

«Қазақмыс» Тараздағы фосфор зауытына қатысы жоғын мәлімдеді

Фото: kazakhmys_news

«Қазақмыс» корпорациясы «ЖЖФЗ» «Фосфор зауыты» ЖШС-мен байланысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

Тараз қаласындағы фосфор зауыты жұмысшылары наразылық білдірген еді. Корпорация осы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

«ЖЖФЗ» «Фосфор зауыты» ЖШС «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрылымына кірмейді. Корпорацияның кәсіпорын қызметіне, оны басқаруға, кадрлық шешімдерге және зауыт жұмысшыларына қатысты кез келген оқиғаларға еш қатысы жоқ», — делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлағандай, кәсіпорында «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, оның барысында есірткі заттарын сақтау фактілері, сондай-ақ есірткі тұтынған адамдар анықталды.

Оқу үшін