NoFake

Желіде тараған қызметтік ақпарат: ҚТЖ түсініктеме берді

Фото: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік желіде тараған қызметтік ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Компания мәліметінше, Telegram мессенджерінде өндірістік жарақаттанудың жекелеген жағдайларына қатысты қызметтік ақпараттың үзінділері қамтылған фотоматериалдар таралған. Осыған байланысты компания түсініктеме берді.

Желіде тараған құжат

«Аталған материалдар компания қызметінің әртүрлі кезеңдеріне жатады және қызметкерлердің жарақат алуына себеп болған жағдайлар мен алғышарттардың қайталануына жол бермеу мақсатында жүргізілетін профилактикалық жұмыстар аясында пайдаланылатын ақпарат болып табылады», — делінген хабарламада.

Бұл ретте, «ҚТЖ» АҚ әрбір оқиға бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес қызметтік тексерулер жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталғанын және тиісті профилактикалық шаралар қабылданғанын айтады.

«Компания жұмыс орындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге және персоналды жүйелі түрде оқытуға бағытталған іс-шаралар кешенін дәйекті түрде жүзеге асырып келеді», — делінген хабарламада.

Компания, сондай-ақ, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына адал болатынын және өндірістік тәуекелдерді төмендету жөніндегі жүйелі жұмыстарын жалғастыратынын атап өтті.

Оқу үшін