Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

Фото: Укипедия
2026 жылғы 1 маусымда Астана уақытымен сағат 10:56-да Жетісу облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды NoFake.kz.
Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік бойынша 44.65 градус, шығыс бойлық бойынша 79.10 градус. Магнитудасы mb=3.8, энергетикалық класы K=9.0 болған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ


