NoFake

Мұғалімдер оқушылар үшін қай уақытта жауап береді: Сенат заңды мақұлдады

Фото: Gov.kz

Сенат педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заңды мақұлдады, деп хабарлайды NoFake.kz.

Құжат аясында мұғалімдердің жауапкершілігіне, есептілікке және мектептердегі гаджет қолдануға қатысты бірқатар өзгеріс енгізілді. Заңға сәйкес, педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшылығы оқушылар үшін тек кәсіби қызметін атқару және лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде ғана жауапты болады.

Сондай-ақ мұғалімдерден білім саласындағы заңнамада қарастырылмаған есептер мен ақпараттарды талап етуге тыйым салынады. Бұдан бөлек, құжаттарды бір уақытта қағаз және электронды форматта жүргізуді талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Заң аясында Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде гаджеттерді пайдалану ережелерін бекіту құзыреті берілді.

Жаңа ережелерге сәйкес:

  • сабақ кезінде телефондар дыбыссыз режимде болуы тиіс;
  • мұғалімнің рұқсатынсыз гаджет қолдануға болмайды;
  • бақылау жұмыстары мен емтихандарда телефон пайдалануға тыйым салынады;
  • смартфондарды тек оқу мақсатында қолдануға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар әкімдіктер өңірлік деңгейде жеңімпаз атанған оқушылардың республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауына қатысуын қамтамасыз етеді. Заңда шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қызметі мен медициналық кадрларды даярлау жүйесіне қатысты түзетулер де қарастырылған.

Оқу үшін