NoFake

Қала құрылысын жоспарлау процесіне ЖИ енгізіліп жатыр – министрлік

Фото: ortcom.kz

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова қала құрылысын жоспарлау және келісу процестерінің қаншалықты цифрландырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Ведомство өкілінің айтуынша, ауқымды цифрландыру мен ЖИ-ді енгізу аясында министрлік қала құрылысын жоспарлау және келісу процестерін цифрландырылып жатыр. Осыған орай, сала мамандары ЖИ мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда.

«Иә, бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, қазір ЖИ көмегімен біз тексеру уақытын азайтып жатырмыз. Яғни, бұған дейін мамандар мұндай тексерулерге көп уақыт жұмсап, қайтадан тексеру құзыретін жобалаушы маманға тапсырса, енді ЖИ көмегімен оның барлығын тез тексеріп, уақтылы ескерту жасауға мүмкіндік бар. Яғни, жобалаушы мәліметті алдын ала біліп, оны цифрлық бас жоспарға жүктей алады», — деді вице-министр.

Ведомство өкілі, сондай-ақ аталған процесс әзірге пилоттық жоба ретінде сынақтан өткізіліп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова тілшілер алдында брифинг берген еді. Онда ол құрылыс туралы қоғамдық тыңдау шешімдері қашан цифрландырылатынын атап өткен болатын.

Оқу үшін