NoFake

Өскеменде 87 жастағы зейнеткерді «қауіпсіз шотпен» алдамақ болған

Фото: Gov.kz

Өскемен қаласында телефон алаяқтары 87 жастағы зейнеткерді «қауіпсіз шотқа» ақша аударуға көндірмек болған. Алаяқтар өздерін ҰҚК мен Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырған, деп хабарлайды NoFake.kz.

Белгісіз адамдар егде жастағы әйелге психологиялық қысым көрсетіп, ақшасын шұғыл түрде басқа шотқа аудару қажет екенін айтқан. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілуі мүмкін шығын көлемі 1 миллион 400 мың теңгені құраған.

Алайда Өскемен қалалық полиция басқармасы қызметкерлері алаяқтық әрекетті дер кезінде тоқтатқан. Полицейлер оқиға орнына жедел жетіп, зейнеткерді сабырға шақырған. Сондай-ақ олар алаяқтармен телефон арқылы сөйлесуді жалғастырып, қылмыстық жоспардың жүзеге асуына жол бермеген.

Полиция өкілдері құқық қорғау органдары, банк немесе мемлекеттік мекеме қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін ескертті. Сондай-ақ азаматтарды жеке деректерін, SMS-кодтар мен банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Тәртіп сақшылары күмәнді қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, полицияға хабарласуға кеңес береді.

Оқу үшін