NoFake

Радикалдар жұмыссыз адамдарға қалай манипуляция жасайды

Фото: Gov.kz

Алматыда мамандар жұмыссыз азаматтарға экстремистік ағымдардың адамды өз қатарына тарту тәсілдерін түсіндіріп, манипуляцияға алданбаудың жолдарын айтты, деп хабарлайды NoFake.kz.

Теолог, дінтану магистрі Нұржан Қалиевтің сөзінше, арбаушылар көбіне адамның эмоциясына әсер ету арқылы әрекет етеді. Олар қолдау көрсететінін айтып, адамға өзін маңызды сезіндіруге тырысады. Кей жағдайда өмірдегі қиындықтарды “ерекше белгі” ретінде түсіндіріп, адамның ойын өзгертуге әрекет етеді.

“Мұндай адамдар бірден өз мақсатын ашық айтпайды. Алдымен сенімге кіріп, көмек көрсеткендей болады. Көбінесе эмоция арқылы әрекет етеді қолдау, арнайы қолдауды уәде етеді, маңыздылық елесін жасауға тырысады, тіпті болып жатқан оқиғалар қандай да бір белгілер екеніне сендіреді. Мұның бәрі адамды шатастырып, оның көзқарасын біртіндеп өзгертуге бағытталған», — деді маман.

Кездесу барысында қатысушыларға жалған діни ағымдардың негізгі белгілері мен олардың ықпалынан қорғану тәсілдері түсіндірілді. Мамандар сыни ойлау қабілетін дамыту, күмәнді ақпаратты тексеру және дәстүрлі діни құндылықтарды ұстанудың маңызын атап өтті.

Оқу үшін