NoFake

Желіде Италия премьер-министрінің фейк суреті тарады

Фото: reuters.com

Италияның премьер-министрі Джорджа Мелонидің интернетте жалған фотосуреттері тарады, деп хабарлайды Nofake.kz.

Reuters агенттігі Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони интернетте жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған суреттер тарап жатқанын мәлімдегенін хабарлайды. Ол мұндай фейк фотолар адамдарды адастырып, өздерін қорғай алмайтын жандарға зиян келтіруі мүмкін екенін ескерткен.

Мелони өз мәлімдемесінде өзінің қатысуымен бірнеше жалған сурет жасалып, саяси қарсыластары тарапынан шынайы ретінде таратылғанын атап өткен.

«Шынын айту керек, оны жасаған адам осы жағдайда, мені сәл “жақсартып” жіберіпті. Мұндай жағдай бүгінде адамдарға шабуыл жасау және жалған ақпарат тарату үшін қолданылады. Жалпы бұл жалғыз менің басымда болған жағдай емес. Дипфейк — қауіпті құрал, өйткені олар кез келген адамды алдап, манипуляция жасап, нысанаға ала алады. Мен өзімді қорғай аламын, ал көпшілігі қорғана алмайды», — деген Мелони.

Мелони қолданушыларды ақпаратқа сенбес бұрын және оны таратпас бұрын оның шынайылығын тексеруге шақырған.

Оқу үшін