NoFake

Абай облысының полиция департаменті алаяқтарға қатысты ескерту жасады

Фото: ҚР ІІМ

Абай облысы полиция департаменті тұрғындарды алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Nofake.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, соңғы уақытта алаяқтар түрлі тәсілдер арқылы сенімге кіріп, жеке деректерді немесе қаржылық ақпаратты алу әрекеттерін күшейткен.

«Ең жиі кездесетін әдістердің бірі — SMS немесе мессенджер арқылы жіберілетін бір реттік кодтар. Алаяқтар өздерін банк қызметкерлері, курьерлер немесе мемлекеттік орган өкілдері ретінде таныстырып, сізден құпия ақпаратты алуға тырысады», — делінген хабарламада.

Осы ретте полиция келесі кеңестерге құлақ түруге шақырады:

  • SMS арқылы келген кодтар тек сіз үшін арналған. Оларды ешкімге, тіпті таныстарыңызға да хабарлауға болмайды.
  • Жеке деректеріңізді қорғаңыз. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банк картасының нөмірі, CVV-код, құпия сөздер — бұл ақпаратты ешқашан жарияламаңыз.
  • Күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз. Егер сізге қандай да бір сенімсіз хабарлама немесе қоңырау келсе, әңгімені тоқтатыңыз. Содан кейін ғана ресми ұйымның байланыс нөмірлері арқылы ақпаратты тексеріңіз.

Полиция, сақтық — алаяқтық әрекеттерден қорғанудың ең тиімді жолы екенін тағы да ескертеді. Себебі, ақпараттық мәдениет пен жеке деректерді қорғау — қаржы мен қауіпсіздіктің кепілі.

Оқу үшін