Жалған Ұлттық банк қызметкеріне сенген астаналық 21 млн теңгесінен айырылды

Коллаж: NoFake.kz
Астанада ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 43 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды NoFake.kz.
Полиция мәліметінше, күдікті өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге телефон арқылы хабарласқан. Ол “депозиттік шотыңыздан ақша шешуге әрекет жасалып жатыр” деп сеніміне кіріп, қаражатты “қауіпсіз шотқа” аударуға көндірген.
«Қауіпсіздік мақсатында жалған “қауіпсіз шот” ұсынып, оған 1 млн теңге аударуды сұраған. Бұдан кейін жәбірленушіге өзін құқық қорғау қызметкерлері ретінде таныстырған басқа тұлғалар хабарласып, “операцияның жалғасып жатқанын” айтқан. Олар жәбірленушіден өзге де жинақтары туралы сұрап, оның екінші деңгейлі банктегі шотында қомақты сомадағы қаражат бар екенін анықтаған. Алаяқтар азаматты ірі сомадағы қаражатты шешіп алып, оны “тексеру үшін” арнайы курьерге тапсыруға көндірген. Нәтижесінде жәбірленуші 21 млн теңгені қолма-қол алып, қорапқа салып, келген курьерге табыстаған»,-деп хабарлады Астана полициясының баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қолға түсірген қаражатты әр түрлі счеттарға аударып жіберген шетел азаматын қолға түсірді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


