NoFake

Павлодарда 2 мыңнан астам білім беру қызметкерінің дерегі тарап кеткен

Фото: depositphotos

Павлодарда 28 білім беру ұйымы мемлекеттік сатып алу порталында қызметкерлерінің жеке деректерін ашық жариялап қойған, деп хабарлайды NoFake.kz.

Павлодар қаласы прокуратурасының мәліметінше, мектептердің медициналық тексеру қызметін сатып алу бойынша конкурстық құжаттамада қызметкерлердің жеке деректері

«Мемлекеттік сатып алу порталында облыс орталығындағы мектептердің медициналық тексеру бойынша қызметтерді сатып алуы туралы хабарландырулар орналастырылды. Бұл ретте 28 білім беру ұйымдарымен конкурстық құжаттамада өз қызметкерлерінің дербес деректерін, яғни олардың сауалнамалық деректері, тұрғылықты мекенжайлары, телефон нөмірлері көрсетілді. Қадағалау актісінен кейін білім беру саласының 2 065 қызметкерінің дербес деректері ашық көздерден алынып тасталды», — деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Кінәлі тұлғалар анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Оқу үшін