NoFake

Қазақстанда интернет арқылы есірткі сатқан аса ірі криптожелі әшкереленді

Фото: depositphotos

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «RAKS Exchange» платформасы арқылы жүздеген есірткі интернет-дүкендерінің қаржы айналымы жүргізілген, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Интернет арқылы есірткі таратумен байланысты қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу – Ішкі істер органдарының басым бағыттарының бірі. Мұндай заңсыз әрекеттерге қарсы күрес жүйелі түрде жалғасады», – деп мәлімдеді ҚР ІІМ өкілдері.

Агенттік дерегінше, «RAKS Exchange» криптоалмастырғышы Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова аумағында әрекет еткен 200-ден астам есірткі интернет-дүкендерінің транзакцияларын қамтамасыз еткен. Платформаның жалпы айналымы 224 млн АҚШ долларынан асқан.

«Криптотергеу барысында «Follow the Money» тәсілі қолданылып, есірткі айналымына және даркнет алаңдарының қызметіне қатысы бар 4 мыңнан астам криптоәмиянға блокчейн-талдау жүргізілді.Нәтижесінде жалпы сомасы 9,7 млн USDT-тен асатын цифрлық активтер бұғатталды. Оның ішінде 3,2 млн USDT тәркіленіп, қылмыстық жолмен алынғаны дәлелденгеннен кейін Агенттіктің арнайы шотына аударылған»,-делінген ҚМА баспасөз қызметі хабарламасында.

Жүргізілген операция нәтижесінде ірі көлемдегі есірткі жеткізу арналары тоқтатылып, тарату инфрақұрылымы жойылды. Бірқатар есірткі интернет-дүкендерінің қызметі толық тоқтатылды.

Оқу үшін