NoFake

Экономика салаларында ЖИ енгізу қалай жүзеге асады — Мәдиев түсіндірді

Фото: Depositphotos

Бүгін, Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев еліміздің экономикасына ЖИ-ді қалай енгізетінін түсіндірді, деп хабарлайды NoFake.kz.

ЖИ енгізу мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген 20 цифрлық трансформация картасы арқылы жүзеге асады. Бұл карталар өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау сияқты 72 саланы қамтиды.

«Жасанды интеллект өнімділікті арттырудың негізгі драйверіне айналуы тиіс. Бұл тек автоматтандыру емес, жаңа өнімдер мен нарықтарға жол ашатын құрал», – деді Жасұлан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, ЖИ-дің екінші бағыты – бизнесті қолдау. Ол мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа көшіруге, өзара іс-қимылды жеңілдетуге және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінде 50-ден астам ЖИ-агент әзірленіп жатыр. Соның ішінде eGov AI ассистенті 2,3 миллионнан астам рет қолданылған, ал Cerebra AI жүйесі инсультті анықтау уақытын 30 минуттан 5 минутқа дейін қысқартып, өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен.

Инфрақұрылымдық бағытта Alem.cloud суперкомпьютері іске қосылып, елде отандық GPT аналогы – Ұлттық жасанды интеллект платформасы енгізілген. Сонымен қатар, 2026 жылғы 24 сәуірде alem.ai халықаралық орталығы ашылды.

«Жасанды интеллект есебінен бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылы жеңілдеп, қызметтер проактивті форматқа өтеді», – деп атап өтті министр.

AI Qyzmet бағдарламасы арқылы 57 мың мемлекеттік қызметші оқытылған. Astana Hub-тағы 379 ЖИ-жобаның табысы 230 млрд теңгеге жетіп, экспорт көлемі 3,5 млрд теңгеден асқан.

Оқу үшін