NoFake

Щучинскідегі дәмхана жарылысына қатысты тағы күдіктілер ұсталды

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Щучинск қаласындағы дәмханада болған қайғылы оқиғаға қатысты тағы екі адам күдікті деп танылды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Ақмола облысының арнайы прокурорлары өрт қауіпсіздігін бұзу және адам өліміне әкеп соққан салғырттық бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

20 сәуір күні іс аясында автогаз құю станциясының директоры мен газ баллондарын жеткізуші ұсталды. Тергеу мәліметінше, олар баллондарды толтыру және жеткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған.

 «Күдіктілердің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша (тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету, абайсызда екі және одан да көп адамның денсаулығына зиян келтіру және адам өліміне әкеп соғу) сараланды», — делінген Ақмола облысы прокуратурасының ресми мәлімдемесінде.

Аталған бап бойынша кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда сот санкциясымен күдіктілердің бірі қамауға алынса, екіншісі үйқамаққа жіберілді.

Оқу үшін