NoFake

Қазақстанда «жеңіл несие» уәдесімен алдайтын алаяқтар көбейген

Фото: Freepik.com

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға алаяқтық түрлері жиілеп бара жатқанын тағы да ескертеді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Сондай алаяқтық схемалардың бірі — азаматтарға тұрғын үй, жеңіл несие алып беру немесе мемлекеттік бағдарламалар бойынша қарыздарды есептен шығару туралы алаяқтық түрі.

«Мұндайда алаяқтақтар «тез рәсімдеп беремін» немесе «кепілдігі бар мақұлдау» деген сылтаумен ақша аударуды сұрайды, содан кейін адамдарды ақшасыз қалдырып, байланысқа шығуды тоқтатады», — делінген хабарламада.

Агенттік мұндай схемалар көп жағдайда жалған сайт, мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарландырулармен, «кеңес берушілердің» қоңырауларымен және жеке деректерді айту өтініштерімен қатар жүретінін айтады. Ал, кейде, алаяқтар тіпті қолданыста жоқ заңдар мен бағдарламалар туралы айтуы мүмкін.

«Алаяқтар азаматтардың, әсіресе қаржылық қиындықтарға тап болғандардың аңқаулығын пайдаланады. Олар қоңырау шала алады, мессенджерлерде жаза алады, әлеуметтік желілерде хабарландырулар жариялай алады немесе ресми порталдарға ұқсас жалған сайттар жасай алады. Олардың мақсаты –  ақшаға немесе дербес деректерге қол жеткізу», — делінген хабарламада.

Өзіңізді қалай қорғауға болады: 

  • Мемлекеттік бағдарламалар туралы кез келген ақпаратты ресми ресурстарда: eGov.kz, мемлекеттік органдардың сайттарында және олардың әлеуметтік желілердегі верификацияланған аккаунттарында тексеріңіз.
  • Ресми шартсыз бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз.
  • Мессенджерлер немесе хабарландырулар арқылы рәсімдеуді ұсынатын делдалдарға сенбеңіз.

Сол себепті агенттік «кезектен тыс» көмек ұсынылған жағдайда, сақ болу қажеттігін ескертеді.  Ал, күмәнді қоңырау, хабарлама болған жағдайда, құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

Оқу үшін