Бала күтімі бойынша төлемдер түспей жатыр: министрлік мәлімдеме жасады

Фото: Freepik.com
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлемдердің түспей жатқанына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Nofake.kz.
Министрліктің мәліметінше, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметіне сәйкес, мемлекеттік қаржыландыру жүйесінде ешқандай іркіліс жоқ.
«Қалыптасқан төлем кестесіндегі өзгеріс тек банктік операциялардың демалыс күндеріне сәйкес келуіне байланысты болды. Айталық, жұма күні бағытталған қаражат дүйсенбі күні Мемлекеттік корпорацияның шоттарына түсті. Бүгіннен бастап қаражат алушылардың банк карталарына кезең-кезеңімен тікелей аударыла бастағанын хабарлаймыз», — делінген хабарламада.
Министрлік МӘСҚ азаматтар алдындағы барлық міндеттемелері толық көлемде орындағанын, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек жоқ екенін мәлемдеді. Сондай-ақ, ведомство қаражаттың түсу процесі бақылауда, жақын арада барлық алушыларға жеткізілетінін атап өтті.


