Жеке деректер тараған кезде не істеу керек: министрлік өкілі түсіндірді

Фото: AntiFraud Forum Kazakhstan форумы ұйымдастырушыларынан
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары Үмітжан Арықбекова азаматтардың жеке дерегі тараған сәтте, не істеу қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Министрлік өкілінің айтуынша, жеке деректер таралған сәтте, ең алдымен оның көлеміне назар аударылады.
«Егер дерек көлемі үлкен болса, онда Қылмыстық кодекс бойынша оны таратқан тарап жауапкершілікке тартылады. Ал, егер адамның жеке дерегі интернетте тараса және ол оған келісім бермесе, онда біріншіден, E-otinish порталында өтінім бере алады. Ол үшін азаматтар ақпараттық қауіпсіздік комитетін таңдауы тиіс», — деді ол.
Ведомство өкілі содан кейін бұл өтінішкомитет өкілдерімен тексерілетінін атап өтті.
«Өткен жылы осындай өтініштердің саны 9 мың болды. Қазір азаматтар өздерінің жеке деректері жоғалған кезде бірден біздің комитетке хабарласады. Сонымен қатар, тек ақпараттық қауіпсіздік комитеті ғана емес, әр аудан әкімдігінде, әр жергілікті атқарушы органда цифрландыру басқармасы бар, оларға осындай қызмет жүргізу құқығы берілген. Бұл — жеке деректер сервисі, киберқауіпсіздік сервисі, сондай-ақ байланыс сервисі», — деді ол.
Сонымен бірге ол e-gov-та арнайы «Жеке деректер» сервисі бар екенін және онда «Келісімді кері алу» батырмасы бар екенін атап өтті.
«Бұл сервис 2022 жылғы 1 шілдеде құрылған. Әр ұйым өз тарапынан осы сервесті қосып немесе өшіре алады. Біздің комитет тарапынан болашақта бұл функционалды Egov-Mobile қосымшасының «Профиль» және «Жеке деректер» бөліміне қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта сервис қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», — деді ол.
Оның сөзінше, жеке деректерге қолжетімділікке келісімді кері алу процесі азаматтардан өтініш қабылдау, келісім алған ұйымның өтінішті қарауы және растауынан немесе бас тартуынан тұрады.
«Ұйым өтінішті қалай қарайды? Азаматтардың өтініштерін қарау туралы заңға сәйкес, бұл 15 күнді алады. Мысалы, мен өз өтінішімді екінші деңгейлі банкте жібердім делік. Банк қараған кезде, егер менде банк алдында қандай да бір міндеттемелер болмаса, банк келісімді кері алуға құқығы бар және «растау» түймесін басады. Қазіргі уақытта осы сервисті 104 520 азамат пайдаланды», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін Астанада ауқымды «Қазақстанның киберкаржылық қалқаны: алаяқтық туралы ақпаратты жоққа шығарамыз» атты форум өтіп жатыр. Онда «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығының жетекшісі Денис Степанцев алаяқтар өз құрбандарын қалай анықтайтынын түсіндірген еді.


