NoFake

Қазақстанда 68 мыңнан астам дроп-карта бұғатталды

Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды NoFake.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында агенттік басшысы қаржы қылмыстарына қарсы күрес нәтижелерін баяндап, дропперлерге қатысты алаңдатарлық деректерді жария етті.

Агенттік мәліметінше, заңсыз қаржы схемаларында қолданылған дроп-карталар бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Заңсыз схемаларда қолданылған дроп-карталарға қатысты 14 сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың есепшоттарындағы қаржы айналымы 13 миллиард теңгеден асты. Сонымен қатар “көлеңкедегі” тұлғалардың атына рәсімделген 68 мыңнан астам карта бұғатталды», – деді агенттік төрағасы баяндамасында.

Бұдан бөлек, қаржылық пирамидалар, онлайн-казино және алаяқтықтан түскен қаражатты жылыстатумен айналысқан үш жасырын криптоайырбастау қызметінің жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ заңсыз криптовалюта сервистеріне апаратын 483 сілтеме жойылған. Президент агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқу үшін