NoFake

«Пәтер кезегіңіз келді» деген хабарламалар жалған — Қазақмыс ескертеді

Фото: Depositphotos

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «пәтер кезегіңіз келді» деген мазмұндағы хабарламалар тарап жатыр. Қазақмыс бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты барлық рәсімдер бекітілген ішкі үдерістер аясында және уәкілетті бөлімшелердің қатысуымен ғана жүзеге асырылады. Пәтер кілтін беру, құжаттарды рәсімдеу немесе кез келген шешім мессенджерлер мен бөгде байланыс арналары арқылы жүргізілмейді», – деп хабарлады Қазақмыс компаниялар тобы желідегі ресми аккаунтында.

Компания мұндай жалған хабарламалар азаматтарды жаңылыстырып, жеке деректер мен қаражатты иемденуге бағытталғанын атап өтті. Азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, күмәнді ұсыныстарға сенбеу ұсынылады.

Оқу үшін