NoFake

Ақмола облысында шахтадағы жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде

Фото: Freepik.com

Ақмола облысында Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын өндіру кезінде болған жазатайым оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 23 наурыз күні Бестөбе кентіндегі шахтаның төменгі қабатында заңсыз кен іздеумен айналысқан үш адам зардап шеккен.

Ведомство аталған жағдайға және тергеу барысына қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға салдарынан бір ер адам көз жұмды, тағы екеуі медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Оқу үшін