NoFake

Арнайы ХҚКО-лардағы жемқорлыққа қатысты корпорация мәлімдеме жасады

Фото: Yandex.ru

«Азаматтарға арналған үкіметте» арнайы ХҚКО-ларда анықталған заң бұзушылықтарды өздері әшкерелеп, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласы, Ақмола және Павлодар облыстарындағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлық схемаларының әшкереленгенін мәлімдеген еді. Астанада, атап айтқанда, арнайы ХҚКО басшысының бұрынғы орынбасары әшкереленіп, ол сыйақы үшін емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға көмектескен.

Азаматтарға арналған үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік корпорациясы анықталған заң бұзушылықтар мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мониторинг пен бақылау барысында анықталғанү

«Барлық фактілер бірлесіп қарау және тиісті процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды», — деп хабарлады мемлекеттік корпорация.

Ұйымда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидаты ұстанылатыны атап өтілді. Мәселен, тек 2025 жылдың өзінде қызметкерлер 100-ден астам материалды анықтап, құқық қорғау органдарына жолдаған.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкіметте» жүргізуші куәліктерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған жүйелі шаралар кешені енгізілгені хабарланды. Негізгі басымдық цифрландыруға және адами факторды болдырмауға берілген.

Атап айтқанда:

– «ХҚО 2.0» жүйесі «Автомектеп» базасымен интеграцияланып, жалған куәліктер ұсыну мүмкіндігі жойылды;
– Денсаулық сақтау министрлігінің жүйелері арқылы медициналық анықтамаларды автоматты тексеру жолға қойылды;
– емтихан сыныптары металл іздегіштермен, байланыс сигналдарын басу құрылғыларымен және тыйым салынған заттарды анықтайтын датчиктермен жабдықталған;
– деректерді қорғау (DLP) және қызметкерлер әрекетін бақылау (PAM) жүйелері енгізілді;
– «ХҚО» мобильді қосымшасы арқылы емтиханға онлайн жазылу енгізілді;
– емтихандарды нақты уақыт режимінде трансляциялау ұйымдастырылды;
– биометриялық сәйкестендіру арқылы жүргізуші куәлігін онлайн рәсімдеу мүмкіндігі іске асырылды.

Мемлекеттік корпорацияда қабылданып жатқан шаралар рәсімдердің ашықтығын арттыруға және құжаттарды заңсыз берудің алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Оқу үшін