NoFake

Ақмола облысында TikTok-та танысқан қызды бопсалаған күдікті анықталды

Фото: depositphotos

Ақмола облысында TikTok әлеуметтік желісінде танысқан қызды фотолары арқылы бопсалаған күдікті анықталды. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Қысқа уақыт сөйлескеннен кейін бойжеткен хат алмасуды тоқтатуды шешкен. Алайда күдікті байланысын үзгісі келмей, қылмыстық схема ойластырған: ол фоторедактор арқылы қыздың суреттерін өзгертіп, оларды интернетке таратамын деп қорқытқан. Жалған материалдарды жарияламау үшін күдікті ақша талап еткен», -делінген Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Оқиғаның заңсыз екенін түсінген тұрғын полициядан көмек сұраған. Целиноград аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, құқыққа қайшы әрекеттерді тіркеп, дәлелдер жинап, сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, күдіктінің жеке басы белгілі.

Оқу үшін