Астанада 83 жастағы кейуана алаяқтардың құрбаны бола жаздады

Фото: polisia.kz
Астанада полиция қызметкерлері 83 жастағы тұрғынды интернет-алаяқтардан құтқарып қалды. Зейнеткер жалған жарнамаға сеніп, шетелге ақша аудармақ болған, деп хабарлайды NoFake.kz.
«Қарт әйел әлеуметтік желіден табысы жоғары деген жалған жарнаманы көрген. Алаяқтар «табыс табу» үшін халықаралық ақша аударымы арқылы қаражат жіберу және «жұмысқа орналастыру» үшін төлем жасау керегін айтқан. Ақпаратқа сенген зейнеткер 1300 еуроны аудару үшін банк бөлімшеге барған. Дегенмен бөлімше қызметкерлері күдіктеніп, бірден полицияға хабар берген»,-де жазды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, әжейді ақша аудармауға көндірі, алаяқтардың құрбаны болудан сақтап қалды.


