Бюллетеньдерді жәшікке топтап салған ескі видео желіде қайта тарады

Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде бір уыс бюллетеньнің жәшікке салынған ескі видео тағы да тарап жатыр. Nofake.kz аталған видеоның ескі екенін тағы да еске салады.
Facebook әлеуметтік желісінде 2023 жылғы 19 наурызда, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өткенде жарияланған ескі видео тағы да жарияланды.
Автор онда: «Қытықтаймын! Жаңа Конституция осындай әдіспен 87% дауыс жинады. Референдум осылай таза және әділ өтті», -деп жазған.

Алайда Nofake.kz. видеодағы жағдай расымен де болғанын, алайда оның 15 наурызда өткен референдумға қатысы жоқ екенін тағы да еске салады.
Естеріңізде болса, редакция бұған дейін де бұл видеоның ескі екенін, аталған оқиғаның 2023 жылы Алматы облыстық сайлау комиссиясы №455 учаскеде орын алғанан хабарлаған болатын. Сол жылы заң бұзушылық расталып, кінәлі деп танылған комиссия мүшелері қызметінен шеттетілген еді.
Видеоның ескі екенін оның сапасының төмендігінен, яғни, желіге бірнеше рет жүктелгенінен де байқауға болады. Десе де, бейнежазба оқырмандар арасында қызу талқуға түскен. Көпшілік оны референдум қатысы бар видео деп қабылдап қалған.
Дегенмен, Nofake.kz редакциясы видеоның 15 наурызда өткен референдумға еш қатысы жоқ екенін, оның ескі видео екенін тағы да ескертеді. Сондай-ақ, жалған ақпаратпен бетпе-бет келген жағдайда, азаматтарға оны @nofakefeedback_bot чат-ботына жолдауға болатынын хабарлайды.


