NoFake

Алаяқтар атыңызға кредит рәсімдесе не істеу керек

Фото: depositphotos

Қазақстанда кейбір азаматтар өз атына рәсімделген кредит туралы тек қарыз хабарламалары келгенде ғана біліп жатады. Мұндай жағдайда не істеу керек және қалай қорғануға болады – NoFake.kz анықтап көрді.

Әлеуметтік желілерде алаяқтардың азаматтардың атына олардың келісімінсіз кредит рәсімдейтіні туралы ақпараттар жиі таралады. Мұндай жағдайларда адамдар қарыз бар екенін тек берешек туралы хабарлама келген кезде бір-ақ біледі.

«Кейде адамдар кредит туралы оны ресімдеу кезінде емес, берешек туралы хабарламалар келе бастаған кезде біледі. Мұндай жағдайларда қарызды ресімдеу туралы олардың білмейтіні анықталады», – деп жазады Fingramota.kz.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайларға дербес деректердің таралуы, жоғалған құжаттар немесе алаяқтардың жалған қоңыраулары себеп болуы мүмкін.

Не істеу керек

Егер сіздің атыңызға рұқсатсыз кредит рәсімделгенін байқасаңыз:

  • дереу банкке немесе микроқаржы ұйымына жүгіну;
  • құқық қорғау органдарына арыз жазу;
  • кредиттік тарихыңызды тексеру;
  • деректердің қайдан кеткенін анықтауға тырысу маңызды.

Сонымен қатар, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін Қазақстанда «Стоп-кредит» сервисі іске қосылған. Бұл қызмет арқылы азаматтар өз атына кредит рәсімдеуге алдын ала тыйым сала алады.

«Егер ерікті тыйым салынған болса, жүйе оның атына жаңа кредит немесе микроқарыз алуға мүмкіндік бермейді», – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Қызмет қосылғаннан кейін бұл ақпарат кредиттік тарихта көрінеді және қаржы ұйымдары өтінімді автоматты түрде қабылдамайды.

Алаяқтар бөтен адамның атына кредит рәсімдеуі мүмкін – бұл шындық
Мұндай жағдайда бірден банкке және полицияға жүгіну қажет
«Стоп-кредит» сервисі – алдын ала қорғанудың тиімді тәсілі
Қызметті тек eGov.kz порталы немесе eGov Mobile арқылы ғана қосу керек.

Фото: FinGramota.kz

Оқу үшін