Жалған телефон сатқаны үшін Шымкент тұрғыны ұсталды

Фото: depositphotos
Шымкентте жалған телефон сатумен айналысқан әйел ұсталды. Оған интернет-алаяқтықтың бірнеше дерегі бойынша күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды NoFake.kz.
«Күдікті танымал хабарландыру қосымшасында қымбат смартфондарды арзан бағада сату туралы жалған ақпарат жариялаған. Атап айтқанда, iPhone 17 Pro Max телефонын нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен бағамен – 45 мың теңгеге сататынын көрсеткен. Тиімді ұсынысқа сенген қала тұрғындарының бірі «сатушымен» байланысып, көрсетілген шотқа ақшаны аударған. Алайда қаражатты алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан»,-деп хабарлады Polisia.kz басылымы.
Күдіктінің осыған ұқсас тәсілмен жасалған 4 алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


