NoFake

Президент: «Әлем халқы нәтижесіз конференциялардан жалықты»

Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Euronews телеарнасына берген сұхбатында Дональд Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» бастамасын қолдау себебін түсіндірді. Президент бұл жобаның халықаралық дағдарыстарды шешудегі жаңашыл сипатына тоқталды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Қазақстан Президенті дәстүрлі дипломатияның тиімділігі төмендегенін айта келе, мынадай маңызды ойды алға тартты.

«Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты. Аталған жиындарда қабылданатын ізгі ниетті қарарларды аздаған адам ғана оқиды. Сол себепті бұл идеяны қолдау қажет деп ойлаймын. Өйткені ол тың шешімдер ұсынады», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа бастама дәстүрлі саясат пен ірі бизнестің әлеуетін біріктіреді. Бұл тәсіл Газа секторындағы қарапайым тұрғындарға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Президент АҚШ Президенті Дональд Трамптың стратегиясын «ақыл-парасатқа негізделген дұрыс бағыт» деп бағалады. Ол Трампты батыл көшбасшы ретінде сипаттап, Таяу Шығыста, соның ішінде Палестинада бейбітшілік орнату мүмкіндігі әлі де бар екенін атап өтті.

Оқу үшін