NoFake

Щучинскіде референдумның «жалған агенттері» шабуыл жасаған

Фото: Freepik.com

Қаскөйлер қысқа нөмірлерден қоңырау шалып, өздерін «референдум агенттеріміз» деп таныстырады. Ведомство сақтық танытуға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Щучинск қаласының әкімі Асхат Мұхамеджановтың ресми Instagram-парақшасында референдум кезінде жиілеген алаяқтық әрекеттерге байланысты мәлімдеме жарияланды.

«Мұқият болыңыз, алаяқтар қысқа нөмірлерден хабарласып, өздерін референдум агенттері ретінде таныстырады. Күдікті сілтемелерді ашпаңыз және кодтарды жібермеңіз», — деп ескертеді әкімдік. Хабарламада көрсетілгендей, қаскөйлер 4242, 8181 нөмірлерінен қоңырау шалады.

Референдумға байланысты желіде сайлау процесіне қатысты жалған ақпараттар да жиі тарап жатыр. Атап айтқанда, кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров әлеуметтік желідегі «бюллетеньдер үйлерге таратылады» деген хабарламаларға түсініктеме берді. Оның айтуынша, мұндай жағдай мүмкін емес, себебі бұл заңды өрескел бұзу болып саналады. ОСК басшысы әр құжаттың реттік нөмірі және арнайы қорғаныс деңгейі бар екенін түсіндірді. Құжаттар баспаханадан аумақтық сайлау комиссияларына полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жеткізіледі.

Оқу үшін