NoFake

Робот-ит пен Алдар Көсе: референдумдағы креатив заңды ма

Фото: NoFake.kz

Робот-ит, Алдар Көсе және қысқы жүзу әуесқойлары: Референдумдағы креатив заңға қайшы емес пе? NoFake.kz  сайлауға қатысқанда неге жүзді жасыруға болмайды және ЖИ-фейктерден қалай сақтану керек екенін түсіндіреді.

Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Қоғам назары тек қатысушылар санына ғана емес, сайлау учаскелеріндегі ерекше «перформанстарға» ауды. Еліміздің түкпір-түкпірінде азаматтар өз борышын әзілмен және ұлттық нақышпен орындауды жөн көрген.

Фольклор кейіпкерлері мен роботтар

Биыл сайлау учаскелері импровизацияланған сахнаға айналды. Куәгерлер мен БАҚ ондаған ерекше көріністі тіркеп үлгерді. Олардың ішінде ертегі кейіпкерлері де бар. Мәселен бірнеше өңірде дауыс беруге дана Қыдыр ата, тапқыр Алдар Көсе мен айлакер Тазша бала келген.

Фото: Скрин әлеуметтік желідегі видеолардан

Елордада үй халаты мен тәпішке киіп, қасына робот-итті ертіп келген бойжеткен жұртты таңғалдырды. Үй жайлылығы мен жоғары технологияның бұл үйлесімі әлеуметтік желілерде лезде тарады.

Салауатты өмір салтын ұстанушылар да референдумнан қалыс қалған жоқ. Елордалық қысқы жүзу әуесқойлары клубтарының мүшелері өз учаскелеріне дейін жеңіл спорттық киіммен жүгіріп келіп, сергектік танытты.

Фото: Скрин әлеуметтік желідегі видеолардан

Бұған заң не дейді              

Мұндай костюммен келу қоғамдық тәртіпті бұзбай ма? Заңгерлер мен Орталық референдум комиссиясының өкілдері: заң киім арқылы өзін-өзі көрсетуге тыйым салмайтынын айтады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 42-бабына сәйкес, бұл нормалар референдум кезіне де тиісті, дауыс беру процедурасы жеке тұлғаны міндетті түрде сәйкестендіруді талап етеді.

Басты шарт: Костюм комиссия жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Сайлаушының бет-әлпеті толық ашық болуы шарт, бұл комиссия мүшелеріне оны жеке куәліктегі деректермен салыстыруға мүмкіндік береді.

Егер бетперде немесе бас киім элементтері сайлаушының бет-әлпетін жасырса, оны шешу сұралады. Басқа жағдайлард, мейлі ол халат немесе шапан болсын, ешқандай шектеу жоқ.

Оқиға орнынан түскен нақты кадрлармен қатар, әлеуметтік желілерде «жалған» перформанстар да тарауы мүмкін. Сарапшылар трендке айналған видеолар ішінде толығымен немесе ішінара жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жасалған роликтер болуы мүмкін екенін ескертеді.

Оқу үшін