Орта Азияда қыс неге жылып барады: неміс ғалымымен эксклюзив сұхбат

Коллаж: NoFake.kz
Германияның Лейпциг университетінің ғалымы Карстен Хауштейн Қазақстан мен Орта Азия климатындағы өзгерістерді Nofake.kz редакциясына берген эксклюзив сұхбатында баяндады.
Ол аталған университетінің Метеорологиялық институтының ғылыми қызметкері. Доктор Карстен Хауштейн экстремалды ауа райы құбылыстары, биоалуантүрліліктің азаюы және климаттың антропогендік өзгеруі арасындағы өзара байланыстарды зерттейді. Ғалым, әсіресе, климаттағы өзгерістердің қаншалықты дәрежеде адам әрекетінің әсерінен туындағанын анықтайды. Ғалыммен Орта Азия елдерінде, соның ішінде Қазақстандағы климаттың соңғы жылдары жылыну себептерін талқыладық.


