Жаңа қосылған 1484 нөміріне қандай мәселемен хабарласуға болады

Фото: freepik.com
Қаржы министрлігінің байланыс орталығы тегін қызмет көрсететін байланыс қызметтерінің тізіміне қосылды, деп хабарлайды NoFake.kz.
Қазақстанда байланыс пайдаланушылары үшін қоңырау шалу тегін болатын қызметтер тізімі кеңейтілді. Тиісті өзгерістер ҚР Үкіметінің қаулысымен енгізілді.
«Тізімге ҚР Қаржы министрлігінің бірыңғай байланыс орталығы қосылды. Онымен 1484 немесе 8 800 080 30 84 нөмірлері арқылы байланысуға болады», — делінген Үкіметтің сайтында.
Қаулы 2026 жылғы 13 наурызда күшіне енеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда келесі тегін шұғыл және әлеуметтік қызмет нөмірлері жұмыс істейді:
- 102 — ішкі істер органдары;
- 103 — жедел медициналық жәрдем;
- 101, 112 — өрт қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары;
- 104, 109 — авариялық және коммуналдық қызметтер;
- 1414, 8 800 080 77 77 — мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс орталығы;
- 110 — терроризм қаупі туралы хабарламалар бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел желісі;
- 1450 — білім беру мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы;
- 111 — отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша байланыс орталығы.


