NoFake

Қазақстан «Бейбітшілік кеңесіне» төлем жасады ма — Жұманғарин жауап берді

Фото: gov.kz

Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен брифингте «Қазақстан «Бейбітшілік кеңесіне» мүше болғаны үшін төлем жасамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Біз әлі ешқандай төлем жасамадық. Бұл жерде мәселе жағдайды тұрақтандыру мақсатында медицина қызметкерлерін жіберу, студенттердің оқуы үшін грант беру, гуманитарлық көмек көрсету жайында болып тұр. Яғни, көмектің басым бөлігі осылай көрсетілетін болады. Яғни бұл жан-жақты көмектің бірі болып тұр және олардың басым бөлігі гуманитарлық сипатта көрсетіледі», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп «Бейбітшілік кеңесіне» қосылу үшін әлемнің 50-ден астам елінің басшысына арнайы шақырту жіберген еді. АҚШ Президенті мүшелікке шақырған елдер қатарында Қазақстан да бар.

Оқу үшін