Қарағандыда мереке күндері қоғамдық көлік тегін болады деген ақпарат – жалған

Фото: Gov.kz
Қарағандыда мереке күндері қоғамдық көлік тегін болады деген ақпарат жалған. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.
«Инстаграмда және тұрғындардың чаттарында мереке күндері -8 наурыз, 15 наурыз (референдум күні) және Наурыз мерекесі кезінде 22 наурызда қоғамдық көлікте тегін жол жүру туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Қарағанды қаласы әкімдігінің және коммуналдық шаруашылық бөлімінің беттеріндегі ресми дереккөздерге — жарияланымдарға ғана сенуді сұраймыз»,-делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Егер қоғамдық көлікке қатысты қандай да бір шешім қабылданса, бұл туралы ақпарат ресми ресурстарда жарияланатыны хабарланды.


