NoFake

Дубайдағы көпірдің жарылуы туралы видео – дипфейк

Фото: Depositphotos

Әлеуметтік желіде Дубайдағы «зымыран соққысы» туралы фейк видео тарады. Кадрлардағы техникалық қате бұл видеоның ЖИ көмегімен жасалғанын дәлелдейді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Парсы шығанағы аймағындағы шиеленістің сақталуына байланысты әлеуметтік желілерде дезинформация толқыны белең алды. Солардың ішіндегі 28 ақпанда Иранның АҚШ базаларына жасаған зымыран соққысынан кейін Бурдж-Халифа мұнарасының жанындағы көпірде болған дүрбелеңді бейнелейтін видео.

Скрин видеодан

Таратылып жатқан ролик: «Таяу Шығыс аспаны ұрыс алаңына айналды… ирандық зымырандар қараңғылықты отты жебелердей тіліп өтті» деген әсіреленген мәтінмен сүйемелденген. Алайда, кадрларды егжей-тегжейлі талдау бұл видеоның деректі түсірілім емес, генеративті нейрожелілердің өнімі екенін дәлелдейді.

Дипфейк белгілері

Жазбаның сапасы графикалық ақауларды жасыру үшін әдейі төмендетілгеніне қарамастан, кадр бойынша талдау кезінде өңдеудегі мынадай ірі ателікті байқауға болады:

Физика заңдарының бұзылуы: Стоп-кадрлардың бірінде ақ киімдегі ер адамның қақ жарылған асфальттің үстінде, яғни ауада қалқып тұрғаны көрінеді.

Айта кетейік, сенбі күні Иран Израильге және БАӘ, Бахрейн, Катар мен Кувейттегі американдық базаларға жауап ретінде шабуыл жасауды бастады. Таяу Шығыстағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі арнайы өкім шыққанға дейін Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінде, шегінде және оған жақын жерлерде ұшуларды орындауға толық тыйым салады. Қауіпсіздікке байланысты кейбір мемлекеттер авиақатынас пен халықаралық тасымалдарға уақытша шектеулер енгізіп жатыр.

Оқу үшін