NoFake

Щучинсктегі өрт: Министр зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Фото: Gov.kz

Бурабай ауданында болған өрттен кейін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Щучинск қаласына барып, оқиға орнындағы жағдаймен танысты, деп хабарлады NoFake.kz.

Жұмыс сапары барысында министр төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысын қарап, жедел қызметтер басшыларының баяндамаларын тыңдады. Сондай-ақ ол өрттен зардап шеккен азаматтар ем алып жатқан Бурабай аудандық ауруханасына барды.

«ТЖМ басшысы өрттен зардап шеккен азаматтар емделіп жатқан Бурабай ауданының ауруханасына барды. Министр пациенттер мен медициналық персоналмен әңгімелесіп, олардың жағдайы мен емделу процесімен танысты. Барлық пациенттерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқаны және олардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында екені атап өтілді. Министр жауапты тұлғаларға зардап шеккендерді сапалы емдеп, тиісті күтім және жан-жақты қолдау көрсету, сондай-ақ олардың отбасыларына қажетті психологиялық көмек көрсету жөнінде тапсырма берді»,-делінген ресми хабарламада.

Министр науқастар мен медицина қызметкерлерімен сөйлесіп, зардап шеккендердің жағдайымен танысты. Дәрігерлер барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын, олардың жағдайы тұрақты бақылауда екенін айтты.

Осыған байланысты ТЖМ басшысы жауапты тұлғаларға зардап шеккендерді сапалы емдеуді қамтамасыз етіп, оларға жан-жақты қолдау көрсетуді, сондай-ақ олардың отбасыларына психологиялық көмек ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты дәмханада газ-әуе қоспасы жарылып, кейін өрт шықты. Оқиға орнына бес минут ішінде жеткен құтқарушылар өрттен 10 адамды алып шығып, 50 литрлік бес газ баллоны мен екі оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Төтенше жағдай салдарынан 28 адам зардап шегіп, олардың 13-і ауруханаға жатқызылды. Апаттан 7 адам қаза тапты. Сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты министрлік ведомствоаралық комиссия құрды.

Оқу үшін