NoFake

Атырауда алаяқтарға қарсы Call-орталық іске қосылды

Фото: freepik.com

Атырауда облыс прокуратурасының үйлестіруімен киберқылмысқа қарсы іс-қимылға бағытталған мамандандырылған «Anti-Fraud Call Center» орталығы ашылды.

Ведомство ұсынған мәліметтерге сәйкес, орталық облыс прокуроры Мадияр Басшыбаевтың Полиция департаментіне цифрлық қылмыстарға жедел ден қою туралы тапсырмасын орындау аясында құрылған.

«Орталықтың негізгі міндеттері интернеттегі алаяқтық деректеріне жедел әрекет ету, азаматтарға қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес беру, заңсыз транзакциялардың жолын кесу және жаңа киберқылмыстық схемаларға талдау жасау», — делінген хабарламада.

Облыс прокурорының сөзінше, орталық профилактикалық жұмыстарды күшейтуге және қашықтықтан жасалатын жымқыруларға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы орайда, мамандар тұрғындарға сақтық шараларын сақтауға шақырады. Олар қандай да бір күмәнді жағдай туындаса, құқық қорғау органдарына немесе жаңа Call-орталыққа дереу хабарласуға кеңес береді.

Оқу үшін