Мелания Трамп пен Эпштейннің «суреті» жалған болып шықты

Фото: Depositphotos
Мелания Трамп пен Эпштейннің «суреті» желіде шу тудырды. Оны «Эпштейн файлдарындағы» нақты айғақ деп таратуда. Халықаралық Snopes фактчекинг порталы бұл ақпараттың жалған екенін дәлелдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.
Басылымның хабарлауынша бұл жасанды сурет. Кадрды британдық суретші Элисон Джексон есімді өнер иесі жасаған.

«Біз тапқан сурет алғаш 9 ақпанда британдық суретші Элисон Джексонның Instagram парақшасында жарияланды. Оның сайтындағы мәліметке сәйкес, ол «танымал тұлғалардың жеке өміріндегі сәттерін бейнелейтін, сенімді әрі шынайы көрінетін фотосуреттер, фильмдер мен мүсіндер жасайды. Instagram-дағы фотосуреттің астында: «Меланияны Дональд Трамппен Эпштейн таныстырған сияқты…» деген жазба және «Ойдан шығарылған бейне. Ешқандай нақты айғақтарды білдірмейді» деген ескерту болған. Нәтижесінде біз бұл суретті қолдан жасалған (фейк) деп бағаладық. Біз бұл кескінді оның жасағанын растау үшін Джексонның Instagram парақшасына жаздық және қосымша мәлімет белгілі болса, бұл оқиғаны толықтырамыз», — делінген мақалада.
«Бұл кескінде оның не жасанды интеллект арқылы жасалғанын, не қатты өңделгенін көрсететін бірнеше күмәнді белгілер бар. Біріншіден, әйел бейнесінің артындағы көлеңке біркелкі емес және ол дәл солай жарықтандырылғандай көрінгенімен, оның артында отырған Эпштейнге дәл сондай қою көлеңке түсірмейді. Екіншіден, әйелдің бағанды ұстаған саусақтары кесілген сияқты көрінеді. Үшіншіден, төсектегі баған мен әйелдің аяғы арасындағы көлеңкенің қайдан пайда болғаны түсініксіз», — дейді автор.
Біз бұл суретті Элисон Джексонның ресми парақшасынан тауып, оның түпнұсқасын тексердік. Расымен суретші өз жазбасында бұл бейненің ойдан шығарылғанын (вымышленный образ) ашық көрсеткен. Онда бұл фотоның ешқандай нақты дерекке негізделмегені және жай ғана көркемдік туынды екені туралы арнайы ескерту жазылған
Заңды қорғаныс: Мелания Трамп фейктермен қалай күреседі?
Бірінші ханым бұл мәселеге тек құрбан ретінде емес, заң шығарушы бастамалардың белсенді жақтаушысы ретінде қатысады. Қазіргі таңда АҚШ-та дипфейктерден қорғайтын екі негізгі тетік бар:
«Take It Down Act» (2025) заңы: Мелания Трамптың тікелей қолдауымен қабылданған бұл заң цифрлық платформаларды (Meta, X және т.б.) жәбірленушінің өтінішінен кейін 48 сағат ішінде келісімсіз жасалған интимдік немесе жалған суреттерді өшіруге міндеттейді.
«DEFIANCE Act» заңы: Адамның рұқсатынсыз оның бейнесін ЖИ арқылы сексуалды мазмұнда қолданғандарға қарсы федералды деңгейде сотқа шағым түсіріп, $150 000-нан басталатын өтемақы талап етуге құқық береді.
Мелания Трамп бұған дейін өзінің ар-намысына нұқсан келтірген басылымдарды сотта жеңіп, миллиондаған доллар өндіріп алған тәжірибесі бар. Басылым бұл жолы да Бірінші ханымның заңгерлері жалған ақпарат таратқандарға қарсы шара қолдануы мүмкін екенін айтады.


