NoFake

Астана әуежайында ұшу жолағы сәуір-мамыр айлары уақытша жабылады

Фото: Nn-airport.kz

Астана халықаралық әуежайы 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында ұшу-қону жолағында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

«Бекітілген құжаттамаға және НОТАМ талаптарына сәйкес, аталған кезеңде ұшу-қону жолағы күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша жабылады. Жүргізілетін жұмыстар жоспарлы сипатқа ие және әуеайлақ инфрақұрылымын, сондай-ақ жарық-сигналдық жабдықтарды жұмысқа жарамды күйде ұстауға, ұшу қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған»,-деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Жұмыстар жүргізілетін уақыт аралығында орындалатын барлық халықаралық және ішкі тұрақты рейстер тәуліктің ертерек немесе кешірек уақытына ауыстырылған.

Рейстер кестесіндегі өзгерістер авиакомпаниялармен және уәкілетті мемлекеттік органдармен алдын ала келісілген. Әуежай уақытша шектеулерден тыс кезеңде штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Оқу үшін