Алсеко жүйесі істен шықты — компания ақпаратты жоққа шығарды

Коллаж: Nofake.kz
Әлеуметтік желіде Алсеко жүйесіндегі техникалық ақаулар туралы ақпарат тарады. Компания аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.
Компания аталған жайтқа қатысты түсініктемені өзінің желідегі ресми парақшасында берді.
«Қазіргі уақытта әр түрлі арналарда Алсеко жүйесіндегі техникалық ақаулар туралы хабарламалар пайда болып, Алсеко шоттарын төлемеуге шақыруда. Бұл — жалған ақпарат. Алсеко компаниясы штаттық режимде, ешқандай іркіліссіз және бұзушылықсыз жұмыс істеп тұр», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін желіде әскери қызмет пен сарбаздар туралы бірнеше жалған видеолар тараған еді.


