Алматыдағы Гоголь көшесіндегі ғимарат тарихи нысан ретінде бұзылып жатқан жоқ

Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматы қаласы әкімдігі әлеуметтік желілерде Алматы қаласы Гоголь көшесі, 45 мекенжайындағы нысан «тарихи ғимарат ретінде бұзылып жатыр» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.
«1908 жылы салынған екі қабатты ғимараттың тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесі болмаған. Нысан 2022 жылдан бері техникалық жағдайының нашарлауына байланысты пайдаланылмаған. 2025 жылы жүргізілген техникалық зерттеу нәтижесінде ғимарат апатты деп танылып, оны қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталды»,-деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі.
Қазіргі уақытта ғимаратты бұзу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылған.


