«Отбасы банктің» мемлекеттік сыйақысы 1 наурызда төленеді

Фото: depositphotos
«Отбасы банкінің» салымшылары мемлекеттік сыйақыны 2026 жылғы 1 наурызға дейін алады, деп хабарлайды NoFake.kz.
Қаржы министрлігі салымшыларға мемлекеттік сыйақы есептеу тәртібі бұрынғыдай сақталатынын растады.
«20 пайыз көлеміндегі төлем 1 наурызда шоттарға түседі. Бұған дейін талқыланған сыйақыны банктің пайдасы есебінен қаржыландыруға көшу әзірге жүзеге асырылған жоқ — қаражатты мемлекет бөледі»,-деді Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Сенат кулуарында.
Салымшыларға қанша төленеді?
2025 жыл үшін мемлекеттік сыйақының ең жоғары мөлшері – 157 280 теңге.
Бұл соманы жыл бойы депозитін кемінде 200 АЕК-ке толықтырған салымшылар алады. Бұл – 786 400 теңге. Жыл қорытындысы бойынша ең жоғары мемлекеттік сыйақы алу үшін депозитті кемінде 200 АЕК көлемінде толықтыру қажет.
2026 жылға арналған мемлекеттік сыйақы
2026 жылы АЕК мөлшері 4325 теңге болады. Осыған байланысты мемлекеттік сыйақының ең жоғары сомасы 173 000 теңгеге дейін өседі.
Егер жыл ішінде депозитке жаңа толықтыру жасалмаса және бұл қаражатқа бұрын мемлекеттік сыйақы есептелген болса, онда мемлекеттік сыйақы қайта есептелмейді.
Салымшының бірнеше депозиті болса, мемлекеттік сыйақы тек бір депозитке ғана есептеледі. Сондықтан салымды отбасының әр мүшесіне бөлек ашқан тиімді. Мысалы, ата-ана мен балалардың атына депозит ашылса, мемлекеттік сыйақыны әрқайсысы бөлек алады.


