NoFake

Қытайда алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ мүшелері өлім жазасына кесілді

Closeup of gavel judgement concept

Фото: freepik.com

Қытайда алаяқтық, есірткі саудасы және казино ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың 11 мүшесіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды nofake.kz/.

Қытайда «Мин әулеті» деп аталатын қылмыстық топтың 11 мүшесі өлім жазасына кесілді. Тергеу деректеріне сәйкес, бұл топ Мьянманың солтүстігінде әрекет етіп, ҚХР-дың 14 азаматының өліміне қатысы болғаны анықталған.

Қылмыстық топ мүшелеріне алаяқтық, есірткі саудасы және казино ұйымдастыру айыптары тағылған. Топтың кейбір мүшелері 2023 жылы ұсталған.

Өлім жазасы туралы үкімді Чжэцзян провинциясы Вэньчжоу қаласының орта буындағы халық соты шығарған. Қазіргі таңда үкім өз күшіне енгені туралы белгілі болды.

«Мин әулеті» 2015 жылдан бері қылмыстық әрекетпен айналысқан. Ұйымдастырған алаяқтық пен құмар ойындардан келген шығын көлемі 10 миллиард юаньнан (шамамен 1,4 миллиард АҚШ доллары) асқан. Топ мүшелері 14 адамның өліміне және алты адамның жарақат алуына кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, олардың қылмыстарының қатарына жезөкшелікті ұйымдастыру мен адамдарды заңсыз ұстау да кірген.

Естеріңізде болса, бұған дейін Қытайда инвестициялық компанияның бұрынғы басшысы аса ірі көлемдегі пара алғаны үшін өлім жазасына кесілгені хабарланған еді.

Оқу үшін