NoFake

Екібастұзда су есептегішті сылтау етіп код сұраған алаяқтар ұсталды

Whatsapp 1212017

Фото: pixabay.com

Екібастұз қаласында алаяқтар жергілікті тұрғынды жаңылыстыруға әрекет жасап, өздерін қалалық су арнасының қызметкерлері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, белгісіз адам ер адамға WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, су есептегіш құралдарын тексеру жоспарланып отырғанын айтып, телефонға келген кодты айтып беруді сұраған.

Кодты бергеннен кейін тұрғын алаяқтардың арбауына түскенін түсініп, бірден полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдарының жедел әрекеті және банкпен өзара байланыс нәтижесінде ықтимал қаржылық шығынның алдын алуға мүмкіндік туған.

«Азаматтың уақтылы жүгінуінің арқасында мүмкін болатын қаржылық шығынның алдын алдық», — деді Екібастұз қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Валентин Бримжанов.

Полиция азаматтарға телефон арқылы немесе мессенджерлерде растау кодтарын, құпиясөздерді және банк деректерін ешкімге айтпауға, ал күмәнді қоңыраулар болған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласуға кеңес берді.

Оқу үшін