Бірінші сынып оқушылары ақпанда қосымша демалады – Министрлік

Фото: Gov.kz
Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады, деп хабарлайды nofake.kz/.
«1-сыныпта білім алушыларға 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі», — деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, еліміздің мектептерінде 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды.


