NoFake

Жетісу облысында жер сілкінді

Screenshot

Фото: InBusiness.kz

5 ақпан Астана уақытымен сағат 13:42-де ҚР ТЖМ «ҰСҒЗИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

“Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 284 км қашықтықта орналасқан. Есептеулер бойынша, Жетісу облысының жекелеген аудандарында жер сілкінісінің қарқындылығы 2–3 баллды құрады”,-деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Алматы қаласының кейбір тұрғындары ұялы телефондарына шұғыл хабарлама келгенін жазып жатыр.

Оқу үшін